сенбі, 28 наурыз, 2026 11:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістан облысында екінші сынып оқушысының жоғалғанына төртінші тәулік болды

Түркістан облысында екінші сынып оқушысының жоғалғанына төртінші тәулік болды
ашық дереккөз
Бала суға құлап, өзен ағысы алып кеткен.

Түркістан облысында Жаннұр Тұрсынбектің жоғалғанына төртінші тәулік толды. Ол 23 наурызда Абай ауылында жоғалып кеткен: бала суға құлап, оны өзен ағысы алып кеткен, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Оқиға кешкі сағат бестер шамасында болған. Екінші сынып оқушысы басқа балалармен бірге ойнап жүріп, бір сәтте аяқ киімін арыққа түсіріп алып, соның соңынан жүгірген. Ол тайып кетіп, суға құлаған және қайта шыға алмай қалған, ағын оны өзенге қарай әкеткен. Қасында болған балалар оқиғаның қалай болғанын өз көздерімен көрген.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді. Олардың сөзінше, арық тым аласа әрі ешқандай қоршауы жоқ. Балалар ол жерге еркін түсе береді.

«Мұнда балалар ойнайды. Не қоршау, не ескерту белгілері жоқ. Егер осы жерде қоршау болғанда, бәлкім, бауырым соған ілініп, аман қалар ма еді деп ойлаймыз. Құтқарушылар Шымкент қаласының ТЖД-іне көмекке жүгінгісі келмей, өздері реттейтіндерін айтуда. Іздеу жұмыстары өте немқұрайлы жүріп жатыр, үш күннен кейін денесі өзі қалқып шығады дегенді сылтау етеді», - дейді баланың әпкесі Әсел Бердібай.

Төтенше жағдайлар департаменті іздеу жұмыстарының белсенді жүріп жатқанын алға тартады.

«Құтқарушылар, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Барлығы 120 адам, 15 техника, екі қайық және екі дрон қатысуда. Балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз», - деді Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ержанов.

Барлық күш-жігерге қарамастан, бала әлі табылған жоқ. Оның ата-анасы таң атқаннан күн батқанға дейін арық жағасында, бала жоғалған жерден кетпей отыр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар