сәрсенбі, 25 наурыз, 2026 17:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Нығматулиндердің зауыты: жұмысшылар кәсіпорыннан кетті

Нығматулиндердің зауыты: жұмысшылар кәсіпорыннан кетті
ашық дереккөз
Бұл туралы ҚазТАГ агенттігінің ресми сауалына жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Нығматулиндер бақылайтын YDD Corporation зауыты жұмысын тоқтатты, 400-ден астам жұмысшы кетіп қалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыдағы Нығматулиндерге тиесілі YDD Corporation ферроқорытпа зауытында өндіріс тоқтап, жұмысшылардың басым бөлігі кәсіпорыннан кетті. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігінің ресми сауалына жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, зауытта 2025 жылдың 23 қазанынан бастап 2026 жылдың 31 наурызына дейін жұмыс берушінің кінәсінен «бос тұру режимі» жарияланған. Бұған кәсіпорындағы күрделі экономикалық жағдай себеп болған. Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес, бұл кезеңде жұмысшыларға орташа жалақының 50 пайызы төленеді.

Зауыттың жалпы штатында 528 адам болса, соның 442-сі бүгінде кәсіпорыннан кеткен. Министрлік ұсынған цифрлар келесідей көрініс береді:

275 қызметкер барлық тиісті өтемақыларын ала отырып, өз еркімен жұмыстан кеткен. Олардың 218-і Қарағандының мансап орталығы арқылы жаңа жұмыс тапса, қалғандары жұмыссыз ретінде тіркелген немесе зейнетке шыққан.

167 жұмысшы басқа кәсіпорындарға («Asia FerroAlloys» және «EkibastuzFerroAlloys» ЖШС) ауыстырылған.

Қазіргі уақытта зауыттың ішкі мұқтаждығын өтеу үшін тек 55 адам ғана жұмыс істеп жатыр.

Мақалада зауыттың тоқтауына электр энергиясы тарифінің күрт өсуі басты себеп болғаны айтылады. Ферроқорытпа өндірісі энергияны көп қажет ететіндіктен, өнімнің өзіндік құнының 70 пайызын жарық шығыны құрайды.

Тарифтердің өсу динамикасы мынадай:

2023 жылы – 16,8 теңге;

2024 жылы – 25 теңге;

2025 жылдың 8 айында – 38,9 теңгеге дейін жеткен.

Кәсіпорын басшылығы қазіргі уақытта Энергетика министрлігінен инвестициялық тариф алуды сұрап, өтініш берген. Бұл мәселе шешілмесе, жоғары маркалы ферросилиций өндіретін зауыттың қайта іске қосылуы неғайбыл.

Анықтама: YDD Corporation зауыты 2016 жылдың қарашасында іске қосылған болатын. Зауыттың ірі пештерінің көбі қазір «суық резерв» режиміне ауыстырылған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар