"Қыз-келіншектер өзін таниды деп ойлаймын": танымал журналист кітап жазып жатқанын айтты
- авторОймақ
- Бүгін, 07:38
- 57
Тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында кітап жазып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.
Айтуынша, кітап өзінің өмірі жайлы болмақ. Журналист туындысын баспаға тапсырғанын, күзде жарыққа шығатынын жеткізді.
«Кітап жазып жатыр екенсің. Не туралы?» деп сұрақ қойып жатқандар көп. Бұл мені бір жағынан қуантса, екінші жағынан қобалжуымды да үдете түсті. Екі жыл бойы мені мазалаған тақырып толғағы жетіп, дүниеге келгелі тұр. Қайтіп қобалжымайсың?! Кітапты қолына алған оқырман, қыз-келіншектер әсіресе, өзін таниды деп ойлаймын. Жалғызбасты, балалы әйелдің қоғам стереотиптерінің қыспағында жүруі. Ақтала ма деген үміттің қақпанға түсіп, аяғында сталкингке айналуы. Кітап жайлы қысқа қайырсам, осы! Осы күзде тұсаукесер болады. Күтіңіздер!» - деп жазды журналист.
Айта кетейік, Дана Нұржігіт 2019 жылы екінші рет тұрмысқа шыққан болатын. Алайда екі жылдан аса уақыттан кейін ажырасқан. Бұрынғы күйеуі психологиялық және моральдық тұрғыда қысым көрсетіп, сталкинг жасағанын айтқан еді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






