бейсенбі, 19 наурыз, 2026 13:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістан облысында ағайынды жас жігіттерді аяусыз соққыға жыққан (видео)

Түркістан облысында ағайынды жас жігіттерді аяусыз соққыға жыққан (видео)
Фото: Видеодан кадр: Түркістан облысы Полиция департаменті
Желіде түркістандық 30 және 16 жастағы ағайынды жігіттер аяусыз соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Соққыға жығылған ағайындылардың денесінің көгерген және қанталаған жері көрсетілген фотоны Telegram-да Qumash арнасы жариялады.

"Арыс қаласында (Түркістан облысы) Талғар оқиғасы қайталанғандай болды.

Бірінші фотода – 30 жастағы Алмасбек. Екіншісінде – оның 16 жастағы інісі. Туыстарының айтуынша, 12 наурызда олардың дүкеніне екі жігіт келіп, 500 теңгелік купюрамен төлем жасаған.

Алмасбек ақшаның жарамсыз екенін байқаған кезде, сатып алушылар ашуланып, "үлкендерді әкелеміз" деген.

15 минуттан кейін бір топ жігіт келген (шамамен 10 адам, расталмаған ақпарат бойынша олардың ең үлкені 27 жаста).

Туыстарының айтуынша, жігіттер Алмасбекті қолдарынан ұстап тұрып, маңызды дене мүшелерін қолмен және швабрамен ұрған. Інісі көмекке келгенде, оны да аяусыз ұрып-соққан. Соққы салдарынан ол есінен танып қалған. Олар сондай-ақ мүлікке зиян келтіріп, дүкеннен кейбір тауарларды ұрлап кеткен", - делінген жазбада.

Жазбада оқиғадан кейін ағайындылар ауруханаға жатқызылғаны айтылған. Үлкенінің айтуынша, жігіттердің ата-аналары да келіп, оларды қорқытқан. Telegram-дағы арнаның хабарлауынша, шабуыл жасағандар әлі күнге дейін бостандықта жүр.

Түркістан облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне 12 наурызда Арыс қаласының полиция бөліміне аудан орталығындағы дүкендердің бірінде төбелес туралы хабарлама түскенін мәлім етті.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жедел-тергеу іс-шаралары барысында оқиғаға қатысы бар азаматтар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта адамдар тобы жасаған бұзақылық үшін жауапкершілікті көздейтін қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Кешенді және объективті тергеуге бағытталған бірқатар процессуалдық шара жүзеге асырылуда.

 

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар