Қызылорда облысында 492 524 дауыс беруші тізімге енгізілген, 378 учаскеде 2642 комиссия мүшесі қызмет атқарады. Қызылорда қаласында 126 учаске бар, қалғаны аудандарда орналасқан.
Учаскелер таңғы сағат 6.00-де ашылды. Дауыс беру таңғы сағат 7.00-ден басталып, 20.00-ге дейін жүргізіледі.
Өңірде азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді. Сондай-ақ, уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске бар.
Қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін 67 инватакси, 49 учаскеде сурдоаудармашылар ымдау тілі қызметін көрсетуде.
Айта кетейік, азаматтар өз учаскесін 4 платформа арқылы біле алады. https://referendum.orda.gov.kz сайты және арнайы телеграм боты үздіксіз жұмыс істейді. Бұл қызметтер «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасында қолжетімді.
Азаматтар сайтқа кіріп, өз учаскесін анықтайды. Референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты біледі.
Сондай-ақ 109 қызметінің диспетчерлері тұрғындар сауалдарына жауап береді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




