Қытай университеттеріне грантқа ұсынылған 102 қазақстандықтың тізімі жарияланды
- авторОймақ
- Бүгін, 15:50
- 20
Қорытынды комиссияның шешімімен 102 қазақстандық Қытай Халық Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды.
– Білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешімді Қытай тарапы қабылдайды. Грант академиялық оқу ақысын, жатақханада тұруды, медициналық сақтандыруды қамтиды, сондай-ақ студенттерге ай сайынғы стипендия төленеді. Оқу ағылшын немесе қытай тілдерінде жүргізіледі. Үкіметаралық гранттардың әкімшісі болып табылатын "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ өтінімдерді қабылдап, аралық конкурстық іріктеуді жүзеге асырады, – делінген
Тізімдегі тегі, аты-жөндер әліпби тәртібімен орналастырылған. Олардың орналасу реті басымдықты білдірмейді және бір үміткердің екіншісінен немесе өзге үміткерлерден артық екенін көрсетпейді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





