сәрсенбі, 11 наурыз, 2026 20:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтауда жаттықтырушы ерекше баланы ұрған (видео)

Ақтауда жаттықтырушы ерекше баланы ұрған (видео)
Фото: видеодан скрин
Ақтауда әйел оңалту орталығында жаттықтырушының ерекше балансын ұратынын білген. Ол бейнекамераға түсіп қалған жазбадан орталық қызметкерлерінің балаға күш көрсетіп, ұрып-соғып, мазақ еткенін көрген.

Раиса Маратқызы баласының денесінен бірнеше рет көгерген іздерді байқаған. Кейін бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап көрмек ьолған. Оның сөзінше, бейнежазбадан жаттықтырушылардың балаға күш көрсеткенін көруге болады. 

10 наурыз күні балаға күш көрсетті деген ақпарат тараған соң өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл, білім басқармасының балалар құқықтары бөлімі басшысы және әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Ақтаудың 17-шағынауданында орналасқан “Victory-a” аутизм орталығына барған.

“Бұл мекеме – жекеменшік орталық. Онда ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізіледі, алайда орталық мемлекеттік қаржыландыру алмайды”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық білім басқармасы.

Тексеру барысында орталықтың маңдайшасы алынып тасталғаны, ал мекеменің өзі жабық екені анықталды. Басшысының айтуынша, ұйымның жұмысы уақытша тоқтатылды.

“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу деректеріне сәйкес, бейімделген дене шынықтыру жаттықтырушысы кәмелетке толмаған балаға күш қолданып, өрескел құқық бұзушылық жасаған” , – деп хабарлады полиция.

 

 

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар