жексенбі, 8 наурыз, 2026 11:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Хаменеидің ұлына шабуыл жасалды: Моджтаба жараланған

Хаменеидің ұлына шабуыл жасалды: Моджтаба жараланған
ашық дереккөз
Бұл туралы Al Hadath телеарнасы хабарлады.

Иранның қаза тапқан жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иран аумағына жасалған бомбалау шабуылдарының бірінде жараланған болуы мүмкін. Бұл туралы Al Hadath телеарнасы хабарлады, деп жазады Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, Моджтаба шабуылдардың бірінде жарақат алған, алайда ол тірі. Оның алған жарақатының қаншалықты ауыр екені әзірге нақтыланбаған.

Бұған дейін, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға соққы бере бастаған. Соның салдарынан бірқатар ғимараттар қирап, бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны хабарланған.

Иран бұған жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы АҚШ әскери нысандарына соққы жасаған.

Шабуылдардың бірі кезінде Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменей қаза тапты. Осыған байланысты елде 40 күндік аза тұту жарияланды.

7 наурыз күні Иранның Сарапшылар кеңесінің мүшесі аятолла Хосейн Мозаффари елдің жаңа жоғарғы көшбасшысын таңдау үшін кеңес отырысы алдағы 24 сағат ішінде өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Араб БАҚ-тары Моджтаба Хаменейді Иранның келесі жоғарғы көшбасшысы болуы ықтимал негізгі кандидаттардың бірі ретінде атап отыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар