сенбі, 7 наурыз, 2026 13:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

АҚШ қару-жарақ өндірісін тағы да арттырмақ

АҚШ қару-жарақ өндірісін тағы да арттырмақ
x.com/whitehouse
АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі ірі қорғаныс компаниялары қару-жарақ өндірісін ұлғайтуға келіскенін мәлімдеді.

Бұл туралы ол 6 наурыз күні Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Мемлекет басшысы қорғаныс өнеркәсібі жетекшілерімен арнайы кездесу өткізген. Жиында қару-жарақ өндірісінің көлемі мен жеткізу мерзімдері талқыланған. Кездесуге BAE Systems, Boeing, Honeywell Aerospace, L3Harris Missile Solutions, Lockheed Martin, Northrop Grumman және Raytheon компанияларының бас директорлары қатысқан.

Трамптың айтуынша, тараптар өндіріс көлемін бірнеше есе арттыруға келіскен.

"Олар "эксклюзив санаттағы" деп аталатын қару-жарақ өндірісін төрт есе арттыруға келісті, өйткені біз мүмкіндігінше тезірек барынша көп шығарғымыз келеді", – деді АҚШ президенті.

Оның сөзінше, өндірісті кеңейту жұмыстары бұл кездесуден үш ай бұрын басталған. Қазір аталған қару түрлерінің басым бөлігі зауыттарда шығарылып жатыр. Сонымен қатар жаңа өндіріс орындарын ашу үшін АҚШ-тың әртүрлі штаттары арасында бәсеке күшейген.

"Мысалы, Иранда қолданатын, ал жуырда Венесуэлада да пайдаланған орта және жоғары орта санаттағы оқ-дәрілердің қоры шексіз. Соған қарамастан, біз осы санаттардағы оқ-дәрілерге тапсырысты да көбейттік", – деді Трамп.

АҚШ президенті бұл мәселе бойынша тағы бір кездесу өтетінін де айтты. Оның сөзінше, қорғаныс өнеркәсібіне қатысты келесі жиын шамамен екі айдан кейін жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп Иранмен қандай да бір келісім тек оның «сөзсіз тізе бүгуі» жағдайында ғана мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, кейін АҚШ одақтастарымен бірге Тегеранның экономикасын қалпына келтіруге көмектесуі мүмкін.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар