жұма, 6 наурыз, 2026 0:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады
Фото: Оңалхан Өнерхан
Шетелге жұмыс істеуге барамын деп сан соғып қалмаңыз. Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті интернетте жарияланатын хабарландырулар арқылы азаматтарды шетелдегі «жалақысы жоғары жұмысқа» тарту деректері көбейгенін айтып, мұндай ұсыныстардың қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті.

«Алаяқтар әлеуметтік желілерде, мессенджерлер мен түрлі хабарландыру сайттарында табысы жоғары, жол ақысы мен жатын орны тегін, тәжірибе мен тіл білуді талап етпейтін оңай жұмыс ұсынамыз деп хабарландыру жасайды. Мұндай хабарландырулар көбіне Telegram-дағы арналарда, WhatsApp топтарында және өзге де онлайн алаңдарда таратылады», - деп жазылған ақпаратта.


Алайда шетелге барған азаматтар іс жүзінде мүлде басқа жағдайға тап болуы мүмкін:

1)жеке куәлігі мен өзге де құжаттарының қолды болуы;

2)еркін жүріп-тұру мүмкіндігінің шектелуі;

3)интернет арқылы жасалатын алаяқтық схемаларға күштеп тартылу;

4)уәде етілген жалақының берілмеуі;

5)«босатып жіберу» немесе елге қайтару үшін ақша талап ету;

6)қысым көрсету, қорқыту.

Сақтық үшін мыналарды ескерген жөн:

1)шетелге жұмысқа тек ресми тіркелген, лицензиясы бар агенттіктер арқылы барыңыз;

2)жұмыс беруші туралы мәліметті және келісімшарт талаптарын жан-жақты тексеріңіз;

3)құжаттарыңыз бен жеке деректеріңізді бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмаңыз;

4)сапар бағыты мен баратын жеріңіз туралы жақындарыңызға алдын ала хабар беріңіз.

Егер күмәнді ұсыныс алсаңыз немесе алаяқтық белгілерін байқасаңыз, бірден құқық қорғау органдарына жүгінген дұрыс.

Ведомство өкілдері азаматтарды қырағы болуға және интернеттегі күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырды.

Бұған дейін Астанада полиция білім нысандардағы жағдайды 9,3 мың камерамен бақылайтынын жаздық.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар