Алматы облысының Талғар қаласында жергілікті тұрғынды өлтірген. Оқиғаның мән-жайын адвокат Асылбек Әбдрайымов баяндап берді. Адвокаттың айтуына қарағанда, жанжал жылқы саудасына байланысты өрбіген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
«Әйелі күйеуіне айтпастан жылқы сатып жіберген. Содан туған өкпе-реніштен соң әйелі өзінің анасын көмекке шақырған. Ер адам түнде ұйықтап жатқанда, екеуі оған 30 жерден пышақ жарақатын салған», - деді Әбдрайымов.
Полиция күдіктілерді ұстады, екі әйел де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде бір топ адам жасаған кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Таразда 2500-ден астам азаматтың зейнетақысы төленбеген
Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы ерекше балалар орталығындағы жанжал: қызметкер қамауға алынды
- авторОймақ
- 4 наурыз, 2026






