сейсенбі, 3 наурыз, 2026 15:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

№1 балалар ауруханасында конституциялық реформалар талқыланды

№1 балалар ауруханасында конституциялық реформалар талқыланды
Фото: қалалық ауруханадан
Астана қаласы әкімдігінің №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында еліміздегі саяси жаңғырулар мен Конституцияға енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Oimaq.kz

Жиын барысында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік пен қоғам арасындағы жаңа қарым-қатынас моделі және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту мәселелері талқыланды. Диалог алаңына спикер ретінде VII шақырылымның елордалық мәслихат депутаты Владислав Сергеев, «AMANAT» партиясының белсендісі Фарида Даримова, партияның Алматы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлмира Ақтайлақова және аурухана директоры Ербол Сәрсенбаев қатысты.

Спикерлер реформалардың өзегі — әділеттілік пен ашықтық принциптеріне тоқталып, мәслихаттардың рөлін күшейту мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың маңызын атап өтті. Еркін пікір алмасу форматында өткен жиында аурухана ұжымы конституциялық өзгерістердің күнделікті өмірге және медицина саласына тигізер әсері туралы сұрақтарына жауап алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ашық диалогтар қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді. Қатысушылар жаңа реформалардың ел болашағы үшін стратегиялық маңызы зор екенін айтып, ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар