Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) Бахрейндегі АҚШ базасына зымыран соққысы жасалғанын мәлімдеді.
РИА Новости басылымның IRNA агенттігіне сілтеме жасап жазуынша, ирандық әскерилер Бахрейндегі АҚШ әскери-әуе күштері базасының штабын және негізгі басқару ғимаратын тас-талқан еткен.
"Шынайы уәде" операциясының 14-ші толқыны кезінде ИРСК-тің әскери-теңіз күштері бүгін таңертең Бахрейннің Шейх-Иса аймағындағы АҚШ әуе базасына зымырандар мен ұшқышсыз аппараттарды қолданып ауқымды шабуыл жасады", - деп келтірді агенттік ИРСК хабарламасын.
Агенттіктің мәліметінше, Иран Қарулы Күштері шабуыл үшін 20 ұшқышсыз ұшу аппаратты пен 3 зымыран қолданған.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






