сейсенбі, 3 наурыз, 2026 10:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан СІМ Ирандағы қақтығысқа байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан СІМ Ирандағы қақтығысқа байланысты мәлімдеме жасады
Фото: reuter
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев соңғы қайғылы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Қазақстан бейбіт тұрғындар, оның ішінде балалар, сондай-ақ Иранның жоғары басшылығы өкілдерінің қаза болуына қайғырып көңіл айтады.

Министрлік Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған шабуылдарға өкініш білдіріп, халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау қажеттігін атап өтті. Халықаралық құқыққа сай қарулы қақтығыстар кезінде азаматтық нысандар мен бейбіт халықты қорғау маңызды болып саналады.

Қазақстан халықаралық даулар мен қақтығыстарды тек саяси-дипломатиялық жолмен шешуге, БҰҰ Жарғысын қатаң сақтауға шақырады. Министрлік өңірдегі зорлық-зомбылықтың одан әрі ушығуына жол бермеу үшін барлық тараптарды ұстамдылық пен жауапкершілік танытуға шақырды.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар