Бұл шешім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың квазимемлекеттік сектордың жұмыс тиімділігін арттыру және кадрлық құрылымды қайта қарау туралы тапсырмасынан кейін қабылданған.
Қор басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыповның айтуынша, қысқарту тек әкімшілік-басқару қызметкерлеріне қатысты болады.
– Біз әкімшілік-басқару құрамының 10 пайызын қысқартамыз. Барлық ішкі шешімдер қабылданды. Еңбек заңнамасының талаптары толық сақталады. Наурыз айының соңына дейін бұл жұмыстар аяқталады деп жоспарлап отырмыз, – деді ол Ақордада.
Қор басшысының мәліметінше, өзгерістер тек Астана қаласындағы басқару аппаратына қатысты. Өндірістік бөлімшелерге бұл шара әсер етпейді.
Қазіргі таңда Астанадағы «Самұрық-Қазына» құрылымдарында шамамен 6,5 мың адам жұмыс істейді. Соның ішінде 650 қызметкер қысқартылмақ.
Айта кетейік, бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев басқару буыны шамадан тыс көбейген компаниялардың құрылымын оңтайландыру қажеттігін атап өткен болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





