жұма, 27 ақпан, 2026 17:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Александр Вучич Қасым-Жомарт Тоқаевты Сербияға сапармен келуге шақырды

Александр Вучич Қасым-Жомарт Тоқаевты Сербияға сапармен келуге шақырды
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президенті Александр Вучичтің Қазақстанға ресми сапарының «аса маңызды мәні бар» екенін айтты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Келіссөздердің шағын құрамдағы отырысында Мемлекет басшысы Сербияны Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктес ретінде бағалайтынын атап өтті.

– Біз Сербияны Еуропадағы өте маңызды стратегиялық әріптес деп санаймыз. Ынтымақтастығымызды нығайту үшін көп жұмыс атқардық. Әсіресе экономика саласында, сонымен қатар гуманитарлық және мәдени бағытта байланыстарымыз дамып келеді. Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі ашылды, сауда қатынастары табысты өрістеп жатыр. Қазақстанда 60-тан астам серб компаниясы нәтижелі жұмыс істейді. Халықаралық өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарымыз да ұқсас. Ынтымақтастығымыздың сенімді әрі тиімді негізі қаланды деп есептеймін. Сіздің сапарыңыз екі ел арасындағы достық қатынастарға қосымша серпін береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Александр Вучич те екі ел арасындағы байланыстарды «нағыз стратегиялық сипаттағы қарым-қатынас» деп бағалады.

– Қазақстан мен Сербияны шынайы стратегиялық серіктестік байланыстырады. Жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар және энергетика салаларындағы ықпалдастықты күшейту арқылы достығымыз жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін. Сізді жақын арада Сербияға ресми сапармен келуге шақыруға қуаныштымын, – деді Сербия президенті.

Александр Вучич Қазақстанға Мемлекет басшысының шақыруымен ресми сапармен келді. Әуежайда оны Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланған. Кездесулер барысында саяси диалогты тереңдету, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6 пайызға өсіп, 107 миллион доллардан асты. Сарапшылар бұл көрсеткіш алдағы кезеңде жаңа бірлескен жобалардың іске қосылуына байланысты арта түсуі мүмкін екенін айтады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар