сәрсенбі, 25 ақпан, 2026 19:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дариға Бадықова сотта жеңілді

Дариға Бадықова сотта жеңілді
Коллаж: Qaz365.kz
Сотта Дариға Бадықованың талаптарының бәрін судья құптамады.

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың үстінен арыз жазып, YouTube-тағы сұхбатты шындыққа сәйкес келмейді деп тануды, видеоны өшіруді, кешірім сұратуды және 4 миллион теңгеден астам қаржыны өндіріп алуды талап еткен Дариға Бадықова сотта жеңілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Заңгер Инга Иманбай өз қорғауындағы журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың құқығын қорғағанын және сотта жеңіске жеткендерін мәлімдеді. Сотта Дариға Бадықованың талаптарының бәрін судья құптамады.

«Біз сотта Дариға Бадықованы жеңдік. Бұл істе мен журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың өкілі ретінде қатыстым және оны толық қорғап шықтым», – деп жазды Инга Иманбай.

Сотқа дейінгі талаптар бойынша Дариға Бадықова журналистің YouTube-тағы сұхбатын шындыққа сәйкес келмейді деп тануды, видеоны өшіруді, айтылған сөздер үшін жария түрде кешірім сұрауды, 1 000 000 теңге моральдық зиян, 2 500 000 теңге заңгерлік шығын және 802 128 теңге сараптама ақысын өндіріп алуды талап еткен. Жалпы құны 4 миллион теңгеден астам болатын талаптар қойылған еді. 

 «Бұл іс мен үшін жай ғана кезекті процесс емес. Менің бірінші мамандығым – журналистика, екінші мамандығым – заңгер. Сондықтан мен үшін міндет қана емес, ішкі заңгер ретінде сөз бостандығын қорғау – кәсіби ұстаным. Мұнда мен ешкімнің жеке өміріне араласқан жоқпын. Мен қорғаған нәрсе – журналистің кәсіби еркіндігі, пікір алуандығы және авторды өз шығармашылық өнімін өшіруге мәжбүрлеуге жол бермеу принципі», – деп атап өтті ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұрсейіт Жылқышыбай Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтан сұхбат алған еді. Сұхбатта Дархан Мұсаев Дариға Бадықова екеуінің асырап алған баласы жайлы және әйелінің басқа біреумен көңіл қосқаны жайлы сөз қозғаған болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар