Атыраудағы ерлі-зайыптының қазасына қызының да қатысы болуы мүмкін
- авторОймақ
- Бүгін, 11:31
- 54
Атырау облысында өз үйінің сарайынан мәйіті табылған ерлі зайыптылардың қазасына қызының да қатысы болуы мүмкін. ІІМ күйеу баласымен қоса қызының да күдікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
«Сол топтың жұмысының нәтижесінде екі күдікті де ұсталды. Екеуі де күдікті», — деді Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов.
Еске сала кетсек, Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі 2025 жылдың күзінде із-түссіз жоғалып кеткен еді. Ата-анасы – Мақсот Қарабалин (1959 ж.т.) және Насипа Өтешқалиева (1961 ж.т.), балалары – Мейрамгүл Қарабалина (1990 ж.т.) мен Наурыз Мұқанғалиев (1993 ж.т.).
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






