Қазақстанда бірқатар өңір кене энцефалиті бойынша қауіпті аймақ саналады. Мамандар көктем-жаз маусымы қарсаңында тұрғындарды сақтық шараларын ұстанып, алдын ала вакцина салдыруға шақырып отыр.
Энцефалит – мидың қабынуына әкелетін ауыр дерт. Елде оның ең жиі кездесетін түрі – кене арқылы жұғатын энцефалит. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше күннен бір айға дейін созылуы мүмкін. Асқынған жағдайда сал ауруы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тіпті өлімге соқтыруы ықтимал.
Қауіп жоғары аймақтарға Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары жатады. Дәрігерлердің айтуынша, аурудың алғашқы белгілері тұмауға ұқсап кетуі мүмкін. Дене қызуының көтерілуі, қатты бас ауруы, құсу, мойын бұлшықеттерінің тартылуы байқалса, дереу ауруханаға қаралу қажет.
Мамандардың сөзінше, эндемиялық аймақтарда кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді жолы – маусым басталғанға дейін бірнеше ай бұрын вакцина алу.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





