Гонконг халықаралық әуежайында британдық турист билет сатып ала алмағаннан кейін агрессияға бой алдырып, терминалдарды қиратып тастады.
Оқиға таңертең болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам өзіне-өзі қызмет көрсету автоматымен билет рәсімдей алмай ашуға булығып, алдымен бірнеше терминалды аударып жіберген. Кейін қоршаудың бауын алып, жабдықтарды соққылай бастаған. Жалпы шамамен онға жуық құрылғы зақымданған.
Полиция ер адамды дереу ұстады. Тексеру кезінде оның сөмкесінен рецептсіз сақтауға тыйым салынған дәрі-дәрмек табылған.
Құқық бұзушыға мүлікті бүлдіргені үшін ірі айыппұл және екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




