бейсенбі, 12 ақпан, 2026 16:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мұғалімдердің 52 пайызы шекті деңгейден өте алмаған

Мұғалімдердің 52 пайызы шекті деңгейден өте алмаған
Мәжіліс
Министрлік мәліметтерін жариялады.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың төрағалығымен облыстық білім басқармалары басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиында өңірлердегі білім сапасының төмендігі мен педагогтардың кәсіби деңгейіне қатысты өткір мәселелер көтерілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.

Министрлік жариялаған мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі мұғалімдердің кәсіби даярлығы алаңдатарлық деңгейде. Педагогтардың білімін бағалау (ПББ) нәтижесінде мұғалімдердің 52,62 %-ы шекті деңгейден өте алмаған. Әсіресе, төмен көрсеткіштер мына өңірлерде айқын байқалады:

Түркістан облысы;

Жамбыл облысы;

Атырау облысы;

Ақтөбе облысы;

Ұлытау облысы.

Жұлдыз Сүлейменова өңірлердегі білім басқармаларының жұмысын сынға алып, кейбір басшылардың білім сапасын «қағаз жүзіндегі есеппен» өлшейтінін атап өтті.

«Өкінішке орай, арамызда білім сапасын оқушының терең білімімен емес, атқарылған жобалардың санымен өлшейтін менеджерлер әлі де бар. Бізге қағаз жүзіндегі есеп емес, шәкірттің шынайы жетістігі мен білім деңгейінің өсуі қажет», – деді министр.

Жиын барысында білім сапасының төмендеуіне әсер етіп отырған бірнеше фактор аталды:

Нақты ғылымдар бойынша маман тапшылығы: Математика, физика, химия сияқты пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі оқу процесіне айтарлықтай кедергі келтіруде.

Әдістемелік қызметтің әлсіздігі: Өңірлердегі әдістемелік көмек көрсету сапасы біркелкі емес.

Инклюзивті білім беру: Мәжілісте бұл бағыттағы қордаланған мәселелерді шешу жолдары да қаралды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар