бейсенбі, 12 ақпан, 2026 11:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Пітір садақа мөлшері белгілі болды

Пітір садақа мөлшері белгілі болды
Бұл туралы Діни басқарма мәлімдеді.

Бұл туралы кеше  11 ақпанда елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Сондай-ақ мүфтият Рамазан айының 2026 жылы 19 ақпанда басталатынын ресми түрде жариялады. Ал ҚМДБ мәліметінше, биыл пітір садақа мөлшері 735 теңге болып бекітілді.

«Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы пәтуа кеңесінің шешімі мен ғылыми зерттеулер нәтижелерін ескере отырып, ортақ шешім қабылдадық. Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – Ораза айт мерекесі», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар