бейсенбі, 12 ақпан, 2026 14:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан мен Қырғызстан Ыстық көлдегі нысандардың мәртебесін реттеді

Қазақстан мен Қырғызстан Ыстық көлдегі нысандардың мәртебесін реттеді
Аdvantour
Қазақстан мен Қырғызстан Ыстық көл өңіріндегі қазақстандық курорттық нысандардың құқықтық мәртебесін айқындады.

Сенат екі құжатты – меншік құқықтарын реттеу туралы келісімді және Қырғызстанның Ыстық көл облысындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі шартты ратификациялады.

Ратификацияланған құжаттар Қазақстан аумағынан тыс орналасқан қазақстандық курорттық-рекреациялық объектілердің қызметін заңды түрде қамтамасыз ететін бірыңғай құқықтық негіз қалыптастырады. Келісімдерге сәйкес, Ыстық көл аймағындағы бірқатар нысандардың мәртебесі нақтыланып, олардың ұзақ мерзімді әрі мақсатты пайдаланылуына кепілдік беріледі.

Негізгі шарттар:

Қазақстанның меншігі ретінде төрт нысан бекітілді: бір санаторий, екі демалыс үйі және спорттық-сауықтыру базасы;

спорттық-сауықтыру базасын қоспағанда, нысандарды 3-4 жұлдызды қонақүй деңгейіне дейін жаңғырту жөніндегі міндеттемелердің мерзімі ұзартылды;

жер учаскелері 49 жыл мерзімге жалға беріледі;

Қырғызстан тарапынан нысандарды иеліктен шығару шараларын қабылдамау кепілдігі беріліп, оларды тек мақсатты бағытта пайдалану талабы белгіленді.

Аталған шешім Ыстық көлдегі қазақстандық курорттардың тұрақты жұмыс істеуіне, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және екі ел арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар