сәрсенбі, 11 ақпан, 2026 20:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қамшыбек Ташиев еліне үндеу жарияланды

Қамшыбек Ташиев еліне үндеу жарияланды
РИАН
Ол елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау маңызды екенін ерекше атап өтті.

Әлеуметтік желіде Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиев атынан жасалған үндеу жарияланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

24.kg сайтының жазуынша, өз үндеуінде Қамшыбек Ташиев бұған дейін жасалған операциядан кейін денсаулығын тексеру мақсатында президенттің рұқсатымен шетелге шыққанын мәлімдеген. Оның айтуынша, қызметінен босату туралы шешім өзі үшін күтпеген жағдай болған. Соған қарамастан, ол мемлекет басшысының шешімін орындау қажет екенін атап өтті.

"Мен мемлекетімізге, халқымызға және президентке адал қызмет еттім әрі мұны мақтан тұтамын. Өкінішке қарай, жеке құраммен қоштасуға мүмкіндік берілмеді. ҰҚМК-нің әрбір қызметкеріне алғыс айтып, табыс тілеймін", – делінген үндеуде.

Сөзінің соңында Қамшыбек Ташиев азаматтарды заң талаптарын сақтауға, құқыққа қайшы әрекеттерге бармауға шақырып, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау маңызды екенін ерекше атап өтті.

Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Ташиевтің Қырғызстан Министрлер кабинетінің төраға орынбасары – Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасы қызметінен босатылғаны белгілі болды. Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар