жұма, 6 ақпан, 2026 14:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Құлсарыда мектеп оқушысы мектепке балта алып келген

Құлсарыда мектеп оқушысы мектепке балта алып келген
фото: скрин
Бұл туралы Атырау облысының полиция департаменті мәлімдеді.

Құлсары қаласында мектеп оқушысы сыныптастарына балтамен шабуыл жасаған. Бұл туралы Атырау облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 5 ақпанда болған. Құлсары қаласындағы мектептердің бірінде 10-сынып оқушысы қатарластарымен жанжалдан кейін оларға балтамен тап берген. Салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған.

Шабуылдан кейін жасөспірім оқиға орнынан қашып кеткенімен, полиция қызметкерлері оны жедел түрде ұстаған. Барлық қатысушылар мен олардың ата-аналары полиция бөлімшесіне жеткізілген.

«Аталған дерек бойынша бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, ішкі істер органдарының есебіне алынды. Материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды», – делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ оқушының ата-анасына бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалған. Қылмыстық іс аясында құқық қорғау органдары білім бөліміне қылмысқа себеп болған мән-жайларды жою жөнінде ұсыныс енгізді.

Полиция департаменті мектеп әкімшілігінің, сондай-ақ оқу орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс күзет қызметі қызметкерлерінің әрекеттеріне де құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар