Интернет алаяқтары 13 жастағы оқушының суреттерін пайдаланып интимді қызмет ұсынған
- авторОймақ
- Бүгін, 09:56
- 33
Әлеуметтік желіде оқушының суреттері мен ұсынған қызметтерін көрген шетелдіктер қыздың нөміріне хабарласқан.
“Қызымның суреттері мен телефон нөмірін қолданған. Аты-жөнін көрсеткен. Қай мектепте, қай сыныпта оқитынын, мектептің қай жерде орналасқанын жазып қойған. Оның жеке телефон нөміріне жазған. “Сенің аккаунтың, ананың суретін, мынаның суретін жібер” деп қорқытқан. Осы аккаунт арқылы қызымды бәрі көрсін деп мектеп мұғалімдеріне жазған. Мен әуелі осы жағдай туралы үнсіз қалған мектепті кінәлаймын”, – дейді қыздың анасы Индира Ким.
Анасының айтуынша, қызының мұндай жағдайға тап болғанын оның телефон нөміріне шетелдік нөмірлерден жазып, хабарласқанда ғана білген. Белгісіз еркектер кәмелетке толмаған қызға ақша ұсынып, интимді қызмет көрсетуді сұраған. Отбасы жалған аккаунтты мектептегі біреулер ашты деп санайды. Өйткені қаскөйлер қыздың жеке деректерін, яғни оқу орнының нөмірі мен мекенжайын пайдаланған. Ал бұл деректерді тек оның мұғалімдері мен сыныптастары біледі. Ата-анасы жалған парақшаға өздері жазғанда "қызыңа зәбір көрсетеміз" деп қоқан-лоқы көрсеткен. Бірақ көп ұзамай парақша өшірілді.
“Мектеп әкімшілігі жағдайды қазір жан-жақты тексеріп жатыр. Кеше аудандық полиция бөліміне, мектеп инспекторына жүгіндік. Ата-аналар бүгін түске дейін келуге тиіс. Егер оқиғаның мектепке қатысы бары анықталса, кінәлі оқушы міндетті түрде табамыз. Бұл іспен аудандық ішкі істер бөлімі айналысады”, – деді М.Ғабдуллин атындағы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Назгүл Орысбек.
Кейін ата-аналармен және полициямен бірлесіп шаралар қабылданып, заңға сәйкес айыппұлдар мен басқа да жазалар қолданылмақ.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






