2026 жылғы «Грэмми» музыка сыйлығының жеңімпаздары жарияланды. Байқаудың ең басты марапаты – «Жылдың үздік альбомы» пуэрторикалық рэпер Bad Bunny-дің Debí Tirar Más Fotos альбомына бұйырды. Бұл жинақ оған «Үздік урбан-альбом» номинациясында да жеңіс әкелді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Альбом пуэрторико музыкасының элементтерін қамтып, АҚШ басқаруындағы аралдың өзекті әлеуметтік мәселелерін қозғайды. Жинақтағы барлық ән испан тілінде орындалған.
Басқа негізгі номинациялар бойынша:
«Жылдың үздік жазбасы» – luther (Кендрик Ламар & SZA)
«Жыл әні» – Wildflower (Билли Айлиш)
Үздік поп-вокал альбом – MAYHEM (Леди Гага)
Үздік рэп-альбом – GNX (Кендрик Ламар)
Үздік жаңа әртіс – Оливия Дин (Ұлыбритания)
Үздік поп-соло орындау – Messy (Лола Янг)
Жылдың үздік клипі – Anxiety (Doechii)
Айта кетейік, Кендрик Ламар бұл жолы мансабындағы 26-шы және 27-ші «Грэмми» жүлделерін жеңіп алып, сыйлық тарихындағы ең көп марапат алған рэпер атанды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





