Австралия ашық чемпионатындағы жеңісі үшін Рыбакина 2 миллион 793 мың АҚШ доллары көлемінде жүлде қаржысына ие болды. Бұл ұлттық валютаға шаққанда шамамен 1 миллиард 407 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар, оған 2000 рейтингтік ұпай берілді.
Айта кетейік, Australian Open турнирінің финалында Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңді. Жаңартылған рейтингте Арина Соболенко өз көшбасшылық орнын сақтап қалды.
Екінші орында Польша теннисшісі Ига Швёнтек орналасқан. Аталған турнирдің ширек финалында Рыбакина дәл осы Ига Швёнтекті жарыс жолынан шығарған еді.
Сондай-ақ Қазақстанның тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева да WTA рейтингінде айтарлықтай ілгеріледі. Ол бірден 24 сатыға көтеріліп, қазіргі таңда 70-орынға жайғасты. Путинцеваның еншісінде 909 рейтингтік ұпай бар.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






