Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланатыны белгілі болды
- авторОймақ
- Бүгін, 16:26
- 11
Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алтыншы отырысында Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
"Конституциялық реформалардың ауқымы мен тереңдігін ескерсек, оны мәні жағынан құқықтық түзетулер пакеті емес, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ретінде қарастыру қажет. Осыған байланысты азаматтадың жаңа Конституция мәтінімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, Конституциялық сот аппаратына Конституция жобасының мәтінін Eqemen Qazaqstan және «Казахстанская правда» газеттерінде жариялауды, сондай-ақ оны Конституциялық соттың ресми сайтында орналстыруды тапсырамын", - деді Эльвира Әзімова.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





