бейсенбі, 29 қаңтар, 2026 14:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жаңаөзенде дәрігерді аурухана ішінде өлтіріп кетті

Жаңаөзенде дәрігерді аурухана ішінде өлтіріп кетті
Александр Гальперин / «Петербургский дневник»
Қайғылы жағдай туралы журналист әрі қоғам белсендісі Айсұлу Дүтбаева хабарлады.

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қалалық ауруханасында ер адам дәрігер-терапевтке пышақпен шабуыл жасап, салдарынан медицина қызметкері көз жұмды. Оқиғадан кейін күдікті өз еркімен полицияға берілген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы жағдай туралы журналист әрі қоғам белсендісі Айсұлу Дүтбаева хабарлады. Оның мәліметінше, шабуыл 28 қаңтар күні шамамен сағат 14:00-де болған. Әріптестері дәрігердің өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салғанымен, аман алып қалу мүмкін болмаған.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиға салдарынан 29 жастағы ер адамның қаза тапқанын растады. Ведомствоның алдын ала дерегіне сәйкес, қақтығыс ер адамдар арасында отбасылық-тұрмыстық негізде туындаған.

«Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған әрекетін мойындады», – деп хабарлады департамент өкілдері.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар