дүйсенбі, 19 қаңтар, 2026 17:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақмола облысында ақша бопсалаған азамат кінәлі деп танылды

Ақмола облысында ақша бопсалаған азамат кінәлі деп танылды
istockphoto.com
Үкім заңды күшіне енді.

Ақмола облысының Жарқайың ауданының прокуратурасы ақша бопсалау фактісін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарқайың ауданында аудан прокурорының жеке қабылдауына түскен азаматтың өтініші бойынша ақша бопсалау фактісі тоқтатылды. 

Өтініш берушіге үшінші тұлға тарапынан күш қолдану қатерімен ақша беру талаптары қойылып, соның салдарынан оның заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылғанын хабарлаған. 

Өтінішті қарау нәтижесінде қылмыстық іс Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, жиналған жеткілікті дәлелдемелер істі сотқа жолдауға мүмкіндік берді.

Адам кінәлі деп танылып, үкім заңды күшіне енді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар