сенбі, 17 қаңтар, 2026 13:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атырауда автобуста қыздар төбелескен

Атырауда автобуста қыздар төбелескен
Depositphotos.com
Олардың арасында кенеттен жанжал туындап, ол тез арада төбелеске ұласқан.

Әлеуметтік желіде Атырау қаласында қоғамдық көлікте орын алған екі қыздың арасында болған төбелес туралы видео тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. 

Куәгерлердің айтуынша, олардың арасында кенеттен жанжал туындап, ол тез арада төбелеске ұласқан.

Оқиға кезінде егде жастағы ер адам қыздарды ажыратуға тырысқанымен, бұл әрекет нәтиже бермеген. Қыздар бір-бірін итеріп, шашынан тартып, автобустың ішінде төбелесін жалғастырған. Аталған сәтте автобус лық толы болған. 

Қыздардың біреуі полиция шақырған, ал екіншісі көліктен түсіп, оқиға орнынан кетіп қалған.

– Бейнежазбада тіркелген құқық бұзушылықты жасаған қыз анықталды. Дене жарақатын салу фактісі бойынша оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда жәбірленушіден және оқиға куәгерлерінен түсініктемелер алынып, жан-жақты тексеру жүргізіліп, барлық мән-жайлар анықталуда, – деп хабарлады полиция департаментінде.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар