жұма, 16 қаңтар, 2026 18:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алимент төлеуден жалтарған азаматты қамауға алу туралы қаулы шықты

Алимент төлеуден жалтарған азаматты қамауға алу туралы қаулы шықты
Баланы асырап-бағу үшін алимент төлемін төлеуден қашпауға шақырамыз.

Бәйтерек ауданының соты алимент төлемін төлеуден жалтарған тұлғаға қатысты әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Борышкер 09.01.2023 жылдан бастап 3 015 447 теңге алимент төлеуден жалтарып келген.

Бәйтерек ауданы бойынша биылғы жылы алимент төлеуден жалтарғаны үшін 1 борышкердің ісі сот өндірісінде және 1 қылмыстық іс тергеу сатысында.

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодекстінің 139-бабымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жауаптылық және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 669-бабы  1-бөлігімен жеке тұлға үшін әкімшілік жауаптылық 5 АЕК айыппұл немесе 20 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 5 тәулікке дейінгі әкімшілік қамаққа алу  көзделген.

Баланы асырап-бағу үшін алимент төлемін төлеуден қашпауға шақырамыз.

Себебі әрбір ата-ана баласы алдында жауапты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар