дүйсенбі, 12 қаңтар, 2026 0:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Арнайы салық режимі енгізілген алғашқы он күнде 66 мың адам қызметін заңдастырды

Арнайы салық режимі енгізілген алғашқы он күнде 66 мың адам қызметін заңдастырды
Фото: freepik
2026 жылдың алғашқы 10 күнінде Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі аясында 66 000-нан астам жеке тұлға өз қызметін заңдастырып, өзін-өзі жұмыспен қамтылған статусында жұмыс істей бастады. Бұл туралы Oimaqnews.kz порталы Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін аталмыш азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей қызмет көрсетіп келген. Енді олар арнайы салық режимінің енгізілуіне байланысты заңды түрде және әкімшілік кедергілерсіз жұмыс істей алады. Арнайы салық режимі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Жаңа режим — өз еңбегімен табыс табатын жеке тұлғалар үшін қарапайым және ыңғайлы салық жүйесі.

Режим кімдерге арналған?
• Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегендер;
• Жалдамалы қызметкерлерді пайдаланбайтындар;
• Қазақстан Үкіметінің қаулысымен рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысатындар;
• Ай сайын 300 МРП-дан аспайтын табыс табатындар (2026 жылы шамамен 1,3 млн теңгеге дейін).

Негізгі артықшылықтар:
• Жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ;
• Жеке кірістер салығын төлеудің қажеті жоқ (0% ставка);
• Әлеуметтік төлемдер жалпы табыстың тек 4% құрайды:
— 1% — міндетті зейнетақы жарналары (ОПВ);
— 1% — міндетті әлеуметтік жарна (ОПВР);
— 1% — әлеуметтік аударымдар;
— 1% — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МСМС);
• Салық есептілігін тапсырмайды;
• «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді: чектер қалыптасады (касса аппаратысыз) және әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі;
• Интернет-платформалар арқылы жұмыс жасаған жағдайда чектер мен әлеуметтік төлемдерді платформа операторы есептеп, ұстап және аударады.

Қосымша ережелер:
• Режимді қолдану туралы хабарлама жолдау міндетті емес;
• Режимнің басталу күні — қосымшада алғашқы чек түскен уақыттан есептеледі.

Мемлекеттік кірістер комитеті бұған дейін қазақстандықтардың салыққа қатысты жиі қойылатын сұрақтарына жауап берген болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар