Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
- авторОймақ
- 9 қаңтар, 2026
- 33
Ақорда резиденциясында АҚШ-тың елшісі Джули Стаффт пен Болгарияның елшісі Георги Воденскидің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шара барысында Мемлекет басшысы Болгария елшісі арқылы Президент Румен Радевке сәлем жолдап, оның өткен жылы Қазақстанға жасаған ресми сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтергенін атап өтті. Президент Болгариямен саяси және экономикалық бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді.
– Сіздің еліңізбен өзара байланыстарды нығайтуға ерекше мән береміз. Саяси және экономикалық салалардағы ықпалдастықты кеңейту үшін барлық мүмкіндікті пайдаланамыз, – деді Президент.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ елшісі Джули Стаффтпен әңгімелесу кезінде Құрама Штаттарға жасаған сапарын жылы ықыласпен еске алды. Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамппен достық әрі мазмұнды келіссөздер жүргізілгенін айтып, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланғанын жеткізді.
– Президент Дональд Трамп мырзамен ашық әрі нәтижелі әңгіме өрбіттік. Жуырда телефон арқылы сөйлесіп, серіктестігімізге қатысты көптеген маңызды мәселелерді қарастырдық. Жыл соңында АҚШ-та өтетін G20 саммитіне шақырғаны үшін алғыс білдіремін. Біз стратегиялық әріптестікті түрлі салада одан әрі дамытып, нығайта түсеміз, – деді Президент.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттері басшыларына Қазақстан халқының ізгі тілегін жеткізді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Белгілі актер Мұрат Бисембин Алматыда жерленді
Ұқсас жаңалықтар
«Ұлттық қор – балаларға»: 31,61 млн-нан астам АҚШ доллары аударылады
- авторОймақ
- 9 қаңтар, 2026





