сенбі, 10 қаңтар, 2026 1:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Ұлттық қор – балаларға»: 31,61 млн-нан астам АҚШ доллары аударылады

«Ұлттық қор – балаларға»: 31,61 млн-нан астам АҚШ доллары аударылады
2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) нысаналы жинақ алу бойынша 205 505 өтінішті орындады. Жалпы сомасы 31,61 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылды. Олар, өз кезегінде, қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына есептейді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 19,69 млн АҚШ долларына 127 445 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 11,92 млн АҚШ долларына 78 060 өтініш қанағаттандырылды.

Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.

Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (19,27 млн АҚШ долларына 124 490 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 145,39 мың АҚШ долларына 999 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 108,64 мың АҚШ долларына 757 өтініш.

Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (11,03 млн АҚШ долларына 71 025 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (608,47 мың АҚШ долларына 4 933 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (228,32 мың АҚШ долларына 1 706 өтініш орындалды) төлем жасау.

Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік:

- нысаналы талаптарға Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған, нысаналы талаптарға құқығы бар азаматтары қатыса алады;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) жыл сайын (1 қазан) БЖЗҚ-ға нысаналы талаптардың жалпы сомасы, орташаланған инвестициялық кіріс мөлшерлемесі және нысаналы талаптарға қатысушылардың бұрын қалыптастырылған нысаналы талаптарына есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы ақпаратты қамтитын есепті жібереді;

- БЖЗҚ жыл сайын, есепті жылдан кейінгі бірінші айдың 20-нан кешіктірмей «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан (ЖТ МДҚ) алынған мәліметтер негізінде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде есепті жылдың соңындағы (31 желтоқсан) жағдай бойынша нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін қалыптастырады;

- Қор ҚР ҰБ-тан алынған ақпарат пен электрондық тізімге енгізілген нысаналы талаптарға қатысушылардың санына қатысты мәліметтер негізінде БЖЗҚ ақпараттық жүйесіне нысаналы талаптардың бір қатысушысы бойынша есепті жылдағы нысаналы талаптардың сомасы, есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша нысаналы талаптардың сомасына есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы деректерді есептеп, енгізеді;

- БЖЗҚ нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды АҚШ долларымен жүргізеді.

Есепті 2025 жылғы нысаналы талаптар, сондай-ақ, инвестициялық кіріс нысаналы талаптарға қатысушыларға 01.02.2026 ж. кешіктірілмей есептелетін болады.

Бұл ретте 2008 жылы туған, 2026 жылы 18 жасқа толатын қазақстандықтардың нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды есептеу де 01.02.2026 ж. кешіктірілмей жүзеге асырылады.

«Ұлттық қор – балалар» бағдарламасы бойынша тұрақты түрде жасалатын есептер enpf.kz сайтына орналастырылады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар