сәрсенбі, 7 қаңтар, 2026 14:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Мен Қазақстанның президенттік басқару үлгісіндегі мемлекет екенін бірнеше рет айттым": Президент Turkistan газетіне сұхбат берді

"Мен Қазақстанның президенттік басқару үлгісіндегі мемлекет екенін бірнеше рет айттым": Президент Turkistan газетіне сұхбат берді
Ақорда
Парламенттік өзгерістердің астарында жасырын мақсат жоқ, ал саяси жаңғырту үдерісі жалғасын табады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында парламенттік реформалар Парламент төрағасының өкілетін күшейтіп, бұл қызметті болашақта өзі атқару үшін жасалып жатыр деген қауесеттерге түсінік берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Президент мұндай тұжырымдарды негізсіз деп атап, олардың өзінің саяси ұстанымдарына мүлде сәйкес келмейтінін айтты.

– Бұл – бос әңгіме. Мұндай пікір менің саяси қағидаттарыма қайшы келеді. Мен Қазақстанның президенттік басқару үлгісіндегі мемлекет екенін бірнеше рет айттым. Осыдан 8 жыл бұрын, яғни Ақордаға келгенге дейін «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын жарияладым. Жеке бастың қамын күйттеп, мемлекеттік жүйені тұтастай өзгерте салу барып тұрған жауапсыздық, тіпті, адамгершілікке жатпайтын әрекет болар еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ел тағдырына әсер ететін маңызды реформалардың барлығы тек жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданатынын атап өтті. Оның сөзінше, парламенттік өзгерістердің астарында жасырын мақсат жоқ, ал саяси жаңғырту үдерісі жалғасын табады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар