сәрсенбі, 7 қаңтар, 2026 3:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бүтін бір отбасы қайда жоғалып кетті: Атырауда жоғалған отбасыға қатысты тың деректер тарап жатыр

Бүтін бір отбасы қайда жоғалып кетті: Атырауда жоғалған отбасыға қатысты  тың деректер тарап жатыр
Бұл туралы белгілі  журналист, блогер, қоғам белсендісі Гүлмира Әбіқай өз парақшасында жазды.

Атырауда бірнеше айдан бері бүтін бір отбасы жоғалып кетті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Бұған дейінгі айтылған деректерде отбасы мүшесінің саны төртеу екені, олардың жоғалғаны туралы айтылған болатын.  Ал енді олардың саны алтыға дейін жеткен. Бұл туралы белгілі  журналист, блогер, қоғам белсендісі Гүлмира Әбіқай өз парақшасында жазды.

"Атырау облысында ұшты-күйлі жоғалған  отбасы жайлы күн сайын түрлі дерек келуде. Өзге емес, өз туыстарының сөзіне сенсек, із-түссіз ғайып болғандар төртеу емес, алты адам. Мақсот ағамыздың 2 қыз, 1 ұлы бар. Алдымен, Ақтаудан жұмыс таптым  деп жалғыз ұлы Наурыз хабарсыз кетеді. Жаз басында жоғалған Наурыздың ватсабы кешеге дейін іске қосылып түрған дейді Мақсоттың қарындасы Әсилә. Полиция “ватсап телефоннан емес, компьютерден қосылып тұрғандықтан абоненттің мекен-жайын табу қиындық тудырғанын” айтқан.

Қарашаның басында “дәрігерге қаралып келеміз” деп сыбыс таратқан отбасы сол күйі үйге қайта оралмаған. Үйлері жинақы, бәрі орнында. 

Малы қорада, тоңазытқыштағы сүт-майлары сақтаулы тұр.

Мақсот ағамыздың 2 қызының  үлкені Мейрамгүл өздерімен бірге ұшты-күйлі жоқ, екінші қызы тұрмыста басқа ауылда тұрады. “Ақбаян да күйеуі Сұлтанмен бірге 5-ші қараша жолға шығып, сол күйі үйіне оралмаған. Екеуінің 5 баласын күнде есікке елеңдеп енесі қарап отыр” дейді Әсилә.

Жоғалған отбасының екеуі зейнеткер, екеуі мүгедектік жәрдемақы алады. Ең қызығы, қараша-желтоқсан айларындағы пенсияларын төртеуі түгел шешіп алыпты. Ауладағы азын-аулақ малдары да Наурыздың ватсабы арқылы саудаланған. Сонда тұтастай бір әулеттің 6 адамы қайда кетті? Жоғалудың басы 6 ай бұрын басталғанымен полиция іздестіруді  29.12.2025 жариялады. Не болса да ел ішінде, аман болса екен!",-деп жазды журналист.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар