жексенбі, 28 желтоқсан, 2025 2:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Тауға шығып, жоғалып кеткен": үш адамның денесі табылды

"Тауға шығып, жоғалып кеткен": үш адамның денесі табылды
ТЖМ
Іздеуге «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды.

Алматының Медеу ауданында, «Локомотив» шыңы маңында (3700 м биіктікте) құтқарушылар екі адамның мүрдесін тапты. Бұған дейін сол топтағы тағы бір марқұм анықталған еді. Оқиға салдарынан барлығы үш адам қаза тапты.

Іздестіру жұмыстарына ТЖМ құтқару қызметі, полиция, альпинизм федерациясы мен еріктілер, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Барлығы 80 адам, 12 техника, 4 кинологиялық топ және 4 дрон қатысқан.

Жұмыстар қиын таулы жағдайда жүргізілді, мәйіттер «Медео» бекетіне жаяу тасымалданды. Марқұмдар полицияға тапсырылды, сараптама тағайындалды. Туыстарына психологиялық көмек көрсетілуде.

ТЖМ тауға шығар алдында қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Қауіп төнген жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар