сейсенбі, 16 желтоқсан, 2025 23:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Кәмпиттерді қалтасына салып алды": Шавкат Рахмоновтың әрекеті көпшіліктің ықыласына бөледі

"Кәмпиттерді қалтасына салып алды": Шавкат Рахмоновтың әрекеті көпшіліктің ықыласына бөледі
скрин
Белгілі спортшылардың фото-видеолары әлеуметтік желілерде жарияланды.

World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин мен UFC шебері Шавкат Рахмонов Көкшетауға барды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Белгілі спортшылардың фото-видеолары әлеуметтік желілерде жарияланды.

Әлемдік спорт жұлдыздары қалада жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысқаны белгілі болды.

«Біздің спорттың аңыздары Геннадий Головкин мен Шавкат Рахмонов жаңа спорт кешенінің ашылуына келді», – деп жазылған kokshetautoday парақшасында.

Видеода Головкин мен Рахмоновтың іс-шараға келген сәті көрсетілген. Оларды қазақтың «Шашу» дәстүрімен қарсы алған. Осы сәтте Шавкат Рахмонов жерден кәмпиттерді жинап алып, қалтасына салған сәті видеоға түсіп қалған. Кейін спортшылар бауырсақ пен тәттіден дәм татты.

Әлеуметтік желі қолданушылары екі атақты спортшының кездесуін ерекше ықыласпен қабылдады.

«Ұлт қаһармандары! Браво», «Бір шаршы метрге тым көп жұлдыз жиналыпты», «Сүйікті спортшыларымызды Көкшетауда көру қандай керемет», «Гена мен Шавкат – от», «Біздің чемпиондар», «Қазақстанның мақтанышы», «Шавкат кәмпитті қалтасына салып алды ғой», – деп жазды желі қолданушылары.  

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар