бейсенбі, 4 желтоқсан, 2025 19:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді
Фото: Алматы қ. әкімдігі
Алматыда бүгін жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Қала тұрғындары жерасты дүмпулерін анық байқап, көпшілік бірден мессенджерлер арқылы бір-бірінен хабар ала бастады. Кей үйлерде қабырғалар мен люстралар сәл тербелген. Әсіресе көпқабатты үйлерде отырғандар қауіптеніп, сыртқа шығып кеткендер де болды.

"ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 04 желтоқсанда Астана уақытымен 12 сағат 45 мин Алматы қ. жер сілкінісі тіркелді. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Ақпарат анықталуда", – деп мәлімдеді қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Сейсмологтар дүмпулердің Қытайдың оңтүстігіндегі Шыңжаң аймағында болған магнитудасы 6,1 жер сілкінісінен тарағанын айтты. Оқиғадан кейін алматылықтардың телефондарына жедел ескерту хабарламалары келген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар