Бұл бастама "Онлайн-платформалар мен массмедиа мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көрсетілген. Құжатты Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.
"Ашық НҚА" порталында жарияланған негізгі норма "Онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы" заңның жаңа 10-1 бабында көрсетілген.
Онда былай делінген: "Он алты жасқа толмаған пайдаланушыларды онлайн-платформаларда тіркеуге тыйым салынады, жедел хабар алмасу сервистерінде тіркелуді қоспағанда".
Осылайша, 16 жасқа дейінгі балаларға видеохостингтерде, әлеуметтік желілерде, контент платформаларында аккаунт ашуға болмайды. Тек мессенджерлерге тіркелуге рұқсат. Түсіндірме жазбасында әзірлеушілердің айтуынша, мақсат — балаларды онлайн-платформаларда таралатын зиянды және құқыққа қайшы контенттен қорғау.
Құжат 2025 жылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша әзірленген. Сол отырыста интернет-платформалардың деструктивті контент таратуына жауапкершілігін заңнамалық түрде бекіту мәселесі қаралған. Ведомствоның мәліметінше, жас шектеуін енгізу – "қауіпсіз ақпараттық орта" қалыптастыру және кәмелетке толмағандарға арналған тәуекелдерді азайту шараларының бірі.
Заң жобасы түрлі заңдарға 80-нен астам түзетуді қамтитын кең ауқымды өзгерістерді ұсынады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің есептеуінше, түзетулер: құқыққа қайшы контент көлемін азайтады; балалардың интернеттегі қорғалуын арттырады; цифрлық нарықтағы отандық және шетелдік ойыншылар үшін тең жағдай қалыптастырады; онлайн-платформалар мен массмедиаға деген сенімді күшейтеді.
Түсіндірме жазбада заңды іске асыру бюджет шығындарын талап етпейтіні және әлеуметтік-экономикалық теріс салдарға әкелмейтіні көрсетілген.
Парламент қабылдап, Президент қол қойғаннан кейін, заң ресми жарияланған күннен бастап 60 күн өткен соң күшіне енеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Алматыда жер сілкінді
Ұқсас жаңалықтар
Арнайы жасақ жауынгерлері Алматыда пышақ ұстаған ер адамды құтқарды
- авторОймақ
- 3 желтоқсан, 2025





