сәрсенбі, 3 желтоқсан, 2025 15:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Арнайы жасақ жауынгерлері Алматыда пышақ ұстаған ер адамды құтқарды

Арнайы жасақ жауынгерлері Алматыда пышақ ұстаған ер адамды құтқарды
Фото: Polisia.kz
Оқиға туралы сигналды арнайы жасақ қызметкерлері жолда өтіп бара жатқан азаматтан алған.

Полиция қызметкерлері қолында пышағы бар, суицид жасамақ болған ер адамды анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол күйзелген, ессіз күйде болып, өз әрекетінің себебін түсіндіре алмаған. Арнайы жасақ жауынгерлері ер адамды қарудан ажыратып, суицид әрекетінің алдын алды. Кейін оны психологиялық және медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырды.

"Біздің қызметкерлер мүмкіндігінше тез және ұқыпты әрекет етті. Ең бастысы — адам өмірін сақтау. Азаматтың қырағылығы және сарбаздардың жедел әрекетінің арқасында біз қайғылы жағдайдың алдын ала алдық", — деді Алматы қаласы Жедел әрекет ету арнайы жасағы командирі Азамат Исергужин.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар