сәрсенбі, 19 қараша, 2025 19:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"4 жасар ұлын қолын байлап, жалғыз қалдырып кеткен": анасын ата-ана құқығынан шектеді

"4 жасар ұлын қолын байлап, жалғыз қалдырып кеткен": анасын ата-ана құқығынан шектеді
istockphoto.com
Енді бала әкесімен бірге тұрады.

Қарағандылық ажырасқан ерлі-зайыптылардың 4 жасар ұлы қалған. Бұған дейін сот баланы анасымен қалдырып, әкесінен алимент өндіріп, баламен кездесу тәртібін бекіткен, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Кездесулердің бірінде әкесі ұлының денесінде гематомаларды байқайды. Сараптама бұл жарақаттарды жеңіл дене жарақаты деп бағалады. Баладан сондай-ақ психикалық дамудың кешеуілдеуі, дене салмағының жетіспеушілігі, ЖРВИ және педагогикалық қараусыздық белгілері анықталды.

Кейін ер адам баланың анасынан алынып, Балаларды қолдау орталығына орналастырылғанын білген. Белгілі болғандай, әйел баласының қолын байлап, оны үйде жалғыз қалдырып кеткен.

«Көршілер ұзақ жылаған баланың дауысын естіп, есік көзінен қолы резинкамен артына қарай байланып, жылап, бөлмеде жүгіріп жүрген баланы көрген. Олар жедел қызметтерді шақырған», – деп хабарлады сот.

Оқиғадан кейін әкесі ұлын өзінің алты бөлмелі жеке үйіне алып кеткен. Бұл үйде баланың атасы мен әжесі де бірге тұрады.

Сот шешімі

Сот баланың сын көтермес жағдайға түсуі анасының жанында тұрған кезде орын алғанын анықтады. Бұған кері дәлелдер ұсынылмаған.

Заңды күшіне енген үкімде анасы Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша – ата-ана міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау, қатыгездікпен қарау фактісі үшін кінәлі деп танылды.

Сот әйелдің баланы жалғыз қалдырып, қолын байлап кетуі оны нақты қауіпке душар еткенін атап өтті.

Қорғаншылық органдары баланың мүдделеріне сай қорытынды ұсынды.

"Осы мән-жайларды ескере отырып, сот әкенің талаптарын толық қанағаттандырды: анасы ата-ана құқықтарында шектелді, баланың тұрғылықты жері әкесімен белгіленді, анасынан алимент өндіріліп, әкесі оларды төлеуден босатылды", – делінген хабарламада.

Апелляциялық алқа шешімді өзгеріссіз қалдырды, анасының кінәлі іс-әрекеті – ата-аналық міндеттерін өрескел бұзу және қатыгездік көрсету – баланың физикалық зорлық көруіне әкелгенін көрсетті.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар