Қызылордада 1500 орындық жаңа «Келешек мектебінің» құрылысы аяқталды
- авторОймақ
- 13 қараша, 2025
- 32
ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов, Р.Рүстемов, М.Жайымбетов, М.Ергешбаев, облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов, облыстық мәслихат төрағасы М.Тлеумбетов Қызылорда қаласындағы СПМК-70 мөлтек ауданында орналасқан 1500 орындық «Келешек мектебіне» барды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Мектеп құрылысы толық аяқталған, жаңа ғимарат заманауи талаптарға сай. Мұндағы оқу кабинеттері соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған, арнайы STEM-зертхана, кітапхана, спорт және акт залы, асхана бар. Бас мердігер «Integra Construction KZ», жобалаушы ұйым «Project Construction KZ», техникалық қадағалаушы «Самұрық Қазына Девелопмент» серіктестіктері нысанды жақын күндері пайдалануға беруге дайын.
Қызылорда облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 6 900 орынға арналған 10 мектеп салынды. Бүгінде оның тоғызы пайдалануға берілсе, алтауының құжаттары әзірленіп, облыстық білім басқармасының теңгеріміне қабылданды. Биылғы оқу жылында іске қосылған 3 мектепте оқу процесі жүргізілуде.
Жергілікті бюджеттен жоба-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 118,4 млн теңге бөлініп, 1 млрд 700 млн теңгеге 10 мектептің инфрақұрылымы тартылды. Тағы 2 млрд 80 млн теңгеге білім ошақтарының іргелес аумақтары абаттандырылып, жол салынды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлытау мен Түркістан қаласы әкімінің орынбасарлары жауапқа тартылды
- авторОймақ
- 13 қараша, 2025
Германияда қаза тапқан экс-судьяға Қазақстанда қылмыстық іс қозғалды
- авторОймақ
- 13 қараша, 2025






