сәрсенбі, 12 қараша, 2025 18:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы жұртшылығы мәдениет қайраткері Ғалым Доскенді ақтық сапарға шығарып салды

Алматы жұртшылығы мәдениет қайраткері Ғалым Доскенді ақтық сапарға шығарып салды
Ulysmedia.kz
Әдебиет сыншысы Алматыдағы Кеңсай-2 қорымына жерленді.

Алматы жұртшылығы сыншы, мәдениет қайраткері Ғалым Доскенді ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

12 қарашада Алматыда Ғалым Доскенмен қоштасу рәсімі өтті. Қаралы жиынға марқұмның туыстары, әріптес, достары мен шәкірттері қатысты. 

«Өткен ғасырдың сексенінші жылдарында қазақ руханиятына бір топ жас келді ғой. Таласбек Әсемқұлов, Тұрсынжан Шапай, Жүсіпбек Қорғасбек, Асқар Алтаев сияқты ағаларымыз. Солардың ішінде осы Ғалым Доскен ағамыз да болды... Қазақтың әр кезеңінде белгілі бір шоғырларды әкеліп отырады ғой. Сол шоғырдың басында болған осы Ғалым ағамыз еді... Бұл кісінің «Қазақстан» телеарнасына келген кезі қазақ медиа саласында үлкен бір төңкеріс, үлкен бір тосын жаңалықтар жасады. Кезінде Шархан Мұртаза «Қазақстан» телеарнасына басшы болып келген кезде қандай өзгерістер жасаса, содан кейінгі бір үлкен өзгеріс, одан да бір үлкен жаңалықтар әкелген осы Ғалым ағамыз деп есептеймін», – деді дәстүрлі әнші Еркін Шүкіман Ulysmedia тілшісіне.

«Амал қанша, кемеліне келіп тұрған, пісіп тұрған, қазақша айтқанда тал түсіне жетіп тұрған кезеңінде өмірден өтті. Осы өкінішті. Біздің бірімізді-біріміз тірі күнімізде құрметтегеніміз, аялағанымыз дұрыс еді. Ғалым өзінің бойындағысын толық бере алмай кетті. Осы өкінішті. Ғалымның терең білімі. Ғалымның іскерлігі. Ғалымның алғырлығы қазіргі қазақ қоғамы үшін аса қажет еді...», – ғалым Кенжехан Матжанов қаралы жиында сөйлеген сөзінде.

Ғалым Доскен 66 жасқа қараған шағында ұзақ созылған дерттен қайтыс болды. Әдебиет сыншысы Алматыдағы Кеңсай-2 қорымына жерленді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар