Түркістанда 15 жастағы оқушы өлгенше соққыға жығылған. Полиция оқиғаға қатысы бар барлық адамды ұстады және сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
Полицияның мәліметінше, оқиға 3 қарашада Түркістандадағы мектептердің бірінде болған. Кикілжіңнің салдарынан 9 сынып оқушысы қаза тапқан. Қазір оқушының қайтыс болу дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы барлық қажетті іс-шара кешенін жүргізді. Алдын ала мәлімет бойынша тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде қайтыс болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні, сондай-ақ оқиға кезінде қатысқандардың барлығын ізін суытпай ұстады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында", - делінген хабарламада.
Алайда марқұмның ағайын-туысы 15 жастағы жасөспірімді зиратқа алдап шақырған және бірнеше ай бойы ақша талап етіп, қорқытқан деседі.
"Олар төртеу болған. Кезекпен ұрып, екі рет айналып шыққан, сонда сегіз соққы жасаған. Барлық соққы жүрек тұсына тиген. Олар тек сол жеріне, жүрегі тоқтағанша ұрған. Ол жарылып кеткен. Ұйқы безі де жаншылған, ол да жарылуға таяған. Тіл тартпай кеткен. Кейін олар бізді оның тек есінен танып қалғанына сендірмек болды. Жеткенімде інім қайтыс болғанына шамамен қырық минут болған", – делінген марқұмның ағасына сілтеме жасалған хабарламада.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ақтөбедегі апат: жасөспірім бала әлі есін білмейді
Ұқсас жаңалықтар
"Перзент" қайырымдылық балалар үйінің директоры құтқарушыларға алғыс айтты
- авторОймақ
- 10 қараша, 2025






