Алматы облысы әкімінің өкімімен Қанат Болатұлы Есболатов 2025 жылғы 3 қарашасынан бастап Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қанат Болатұлы 1982 жылы туған, білімі жоғары, 2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 «Досанов» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып бастаған.
Әр жылдары Алматы облысы Қаржы басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша біржолғы талондарды беру және есепке алу жөніндегі инспекторы, бас инспекторы, аға инспекторы, Megaron & K ЖШС-ның қаржы директоры, Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округінің әкімі, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жетісу облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Жетісу облысы Кербұлақ ауданының әкімі лауазымында қызмет етті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Сенаторлар Маңғыстау облысында тарихи туризмді дамыту шараларын талқылады
- авторОймақ
- 31 қазан, 2025






