жұма, 31 қазан, 2025 20:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістан облысында сібір жарасы фактісі тіркелді

Түркістан облысында сібір жарасы фактісі тіркелді
фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
Түркістан облысында сібір жарасы дерегі тіркелді. Төле би ауданының тұрғыны күйдіргі індетіне шалдыққан. Қазір науқас аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр.

Эпидемиологтардың мәліметінше, ол осыдан он күн бұрын ауру малды сойып, етін пайдаланған. Сақтық шараларын ескермегендіктен, инфекция жұққан болуы мүмкін.

Дәрігерлер науқаспен байланыста болған 10 адамды тексеріп шыққан. Абырой болғанда, олардан дерттің белгілері анықталмапты. Облыстық санитария қызметінің мамандары бұл жағдайды растады және тұрғындарға мал өнімдерін тұтынарда сақ болуды ескертті.

"Малдың етін сатумен айналысатын жігіт екені анықталды. Қазір ол инфекциялық бөлімде ем қабылдап жатыр. Диагноз зертханалық түрде расталды, сібір жарасының қоздырғышы табылды. Аурудың жұғу себебі: науқас ветеринардың рұқсатынсыз, ауырып тұрған малды өз үйінде сойған", – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақерке Мақұлбекқызы.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар