Бахрейнде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өз мәресіне жақындады. Кезекті жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте өз позициясын айтарлықтай жақсартты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Аikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.
Sportarena.kz мәліметінше, қазіргі медаль кестесі төмендегідей:
Қытай – 34 алтын, 24 күміс, 11 қола;
Өзбекстан – 14 алтын, 5 күміс, 9 қола;
Таиланд – 13 алтын, 12 күміс, 5 қола;
Қазақстан – 9 алтын, 8 күміс, 18 қола.
Осылайша, қазақстандық спортшылар Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, үздік бестіктің қатарына енді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





